Ресми мәліметтерге сәйкес, облыс бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 13,7 млрд.теңге, оның ішінде егін шаруашылығында 2,8 млрд. теңге, мал шаруашылығында 10,9 млрд. теңге болды. Жалпы өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) –108,2% оның ішінде егін шаруашылығында 133%, мал шаруашылығында 108,2% құрады.Сонымен қатар жалпы көлемі 20 гектарды құрайтын 27 жылыжай жұмыс істеуде. 2018 жылы алаңы 27 га құрайтын, 31 жылыжайлар кешені жұмыс жасайтын болады. Алдағы уақытта да облыс халқын жергілікті көкөніс және бақша өнімдерімен толық қамту үшін жылыжай кешендерін одан әрі дамыта түспек.
- Ұсақ шаруашылықтарды біріктіре отырып, ірі құрылымдар құруды көздеген Үкімет саясатын жүзеге асыру мақсатында 2016-2017 жылдары өңірде 20 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Бүгінгі таңға 3 кооператив («Бейнеу» (мал сою пункті), «Берген Бек» (мал сою пункті), «Сегізбай Ата» (ет консервілеу) қызметін жолға қойып, жұмыс бастады. Елбасымыз шағын және орта бизнесті барынша қолдау, соның ішінде несие ресурстарына қолжетімділікті жеңілдету керек екенін баса айтып келеді.Осы бағытта 2017 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 474 млн теңге толықтай игеріліп, нәтижесінде ауылдық елді мекендерде тұратын 130 азаматқа шағын несие беріліп, 219 адам жұмыспен қамтылды. 2018 жылға бұл қаржы 4 есе өсіп, 2,0 млрд. теңгені құрап отыр.2018-2019 жылдары құс етін өндіру фабрикасы, құс шаруашылығы, көкөніс сақтау қоймалары, жылыжайлар кешені құрылысы сияқты ірі жобалар іске асырылатын болады, деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Статистикалықмәліметкесәйкес 2017 жылы 2016 жылменсалыстырғанда:
іріқара – 17 000 бас болып, 12,9% -ғаөссе, қой– 279 000 бас болып, 1,3%-ғаөсті. Ал, ешкі – 87 000 бас болып, 9,7%-ға өсті, жылқы – 66 000 бас болып, 4%-ға өсті. Сондай-ақ, түйе – 55 000 бас болып, 2,9%-ға өссе, құс – 37 000 бас болып, 25,8% өсті.Өңірде барлығы 138 000 бас ірі қара мал, 366 000 бас ұсақ мал – барлығы 504 000 бас мал бар деп есептеледі.
-Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде ауылдық елді мекендерде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында берілетін кредит бойынша 2017 жылы республикалық бюджеттен 474 000,0 мың теңге қаралып, түгелдей игерілді (ауылдық елді мекендерде тұратын 130 азаматқа шағын несие беріліп, 219 адам жұмыспен қамтылды). Ал 2018 жылы 490 251,0 мың теңге бөлінді. (150 адамға кредит беріліп, 250 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.) Қосымша 1,5 млрд. теңге қаржы сұралуда», - деді Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Серік Қалдығұл.
Саладағы жұмыстар жалғасын табуда. Биылғы 6 ай ішінде Мұнайлы ауданында жылына 1000 тонна өнім беретін жаңа инновациялық технологиямен жабдықталған 3 га жылыжай құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта қосымша кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2018 бастап іске қосылды. 42 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ, 50 тонна қияр шығаратын Қарақия ауданындағы «Сенек» ЖШС базасындағы 0,3 га жылыжай кешені құрылыс жұмыстары аяқталды. 10 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.Жылына 143 млн. дана жұмыртқа өндіретін фабрика құрылысы жоспарлануда, ол іск еқосылған кезде50 жұмыс орны ашылмақ. Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылындағы 3га жылыжай кешенін кеңейту құрылысы жұмыстары аяқталуда, ол 15 жұмыс орнын ашуға лайықталған.
Жоспарланған жобалар арасында 15 адамға жұмыс орны табылатын Ақтау қаласында 2 га жылыжай кешені құрылысы мен 115 адамның жұмыс орнына айналатын Түпқараған ауданы құс еті зауытын салу бар.
2018 жылға жоспарланған жобалардың инвестициялық құны шамамен 8, 808 млрд теңге құрайды. Барлығы 237 жұмыс орны ашылады.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы